Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Қазақстанда

Қазақстанда шалғам дәстүрлі түрде ерте көктемде дастарханда пайда болатын бірінші көкөністердің бірі болып табылады. Шалғамның құрамында денсаулыққа пайдалы көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар, ал оның ащы дәмі жемісінің құрамында қыша қышқылының болуына негізделеді. Шалғам дүние жүзінде ашық грунтта, қабықшалы немесе әйнекпен қапталған жылыжайларда өсіріледі. Шалғамды өсіру мен тұтынудың негізгі еуропалық нарықтары Германия мен Ресей болып табылады, екі мемлекетте де Enza Zaden гибридтері көшбасшы орында тұр. Қазақстанда танымалдығы артып келе жатқан Селеста гибриді шығыс еуропалық нарықтарда мінсіз сапасы, пластикалығы және далалық жағдайда ауруларға тұрақтылығы нәтижесінде көшбасшы болып табылады. Enza Zaden тұрақты гибридтер әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп отыр. Фузариоз және жалған ақұнтақ секілді аурулар өндірушілердің жұқа қабатты жылыжайларда және ашық грунтта шалғам өсіру барысындағы негізгі қиыншылықтарының бірі болып табылады. Тұрақтылығы жоғары гибридтер сұранысқа ие, себебі олардың тұрақты жоғары түсімі мен тиімділігі секілді басты артықшылықтары бар. Кәсіби өндірушілер үшін Enza Zaden кәдімгі шалғам тұқымдарынан басқа калибрлі тұқымдар ұсынады, олар біркелкі жылдам өну мен тамыржемістерінің бір мезгілде жетілуін қамтамасыз етеді. Шалғам Селеста F1 | Celesta Жалпы сипаттамалары: Өсімдік: шағын, жапырақтары тік өседі Тамыржемісінің өлшемі: 3-4 см Жемісінің салмағы: 20-25 г Жемісінің пішіні: жұмыр Жемісінің түсі: ашық қызыл, ішкі құрылымы ақ түсті Артықшылықтары: Барлық маусымдарда өсіруге арналған ең түсімі мол және сенімді гибрид. Бірегей пластикалылық және стресске тұрақтылық қасиеттері бар. Қабықшалы жылыжайларда және ашық грунтта өсіруге арналған. Жарық аз болған жағдайда сабақтары ұзармайды. Жуу және ұзақ уақыт тасымалдаудан кейін түсі мен жылтырлығын сақтайды. Шоқтар түрінде немесе өлшеп сатуға жарамды. Жарықшақтану мен ашылуға тұрақты. Далалық жағдайда жалған ақұнтаққа төзімді. Эскала F1 | Escala Жалпы сипаттамалары: Өсімдік: шағын Тамыржемісінің өлшемі: 3-4 см Жемісінің салмағы: шамамен 20-25 г Жемісінің пішіні: жұмыр Жемісінің түсі: жылтыр ашық қызыл және ішкі құрылымы қардай аппақ Селеста F1 Дәстүрлі жұмыр қызыл шалғамға қосымша біз көкөніс өсірушілерге тамыржемістерінің түсі ақ шалғам мен Француз таңғы асы типтерін ұсынамыз. Артықшылықтары: Күзде, қыста және көктемде өсіруге арналған өте ерте пісетін гибрид. Берік сабағы тамыржемісіне мықтап бекінген. Шоқ түрінде және өлшеп сатуға жарамды. Тамыржемісінің өлшемі мен пішінінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Нәзік және нәрлі жұмсағы қатып кетпейді және бос қуыстар түзілмейді. Жарықшақтануға және ашылуға кез келген егу мерзімінде тұрақты болады. Түсі жуу мен тасымалдаудан кейін де ұзақ сақталады. Эскала F1 94 | Enza Zaden Enza Zaden | 95

Enza Zaden Brochures