Enza Zaden Global |
+31 (0) 228-350100 | info@enzazaden.com |
Disclaimer | Privacy Policy | Resistances | Cookies |
Қызанақ Ірі жемісті қызыл қызанақ Шаная F1 | Shanaya ЖАҢА ӨНІМ! Жалпы сипаттамалары: • Ерте жетілу • Қуатты, төзімді өсімдік • Жемісі тегіс жұмыр пішінді • Жемісінің салмағы: 180-200 гр • Жемістері қанық қызыл түсті Артықшылықтары: Өнімділігі жоғары жаңа гибрид. Тұрақты түйін салуы мен жемістерінің вегетация кезеңі біркелкі қалыптасады. Жемістері өте тығыз, тауарлық қасиеттері жоғары және жемісінің түсі қанық қызыл, әдемі жасыл жеміс табанының болуына байланысты нарықта аса тартымды. Сақтау және тасымалдау төзімділігі жоғары. Аурулардың кең спектріне, оның ішінде, TYLCV және TSWV-тарға қарсы тұрақтылығы жоғары. Қазақстанда жұқа қабатты жылыжайларда күзгі және көктемгі кезеңдерінде өсіру ұсынылады. Буран F1 | Buran Жалпы сипаттамалары: • Ерте пісетін гибрид • Қуатты, жартылай ашық өсімдік • Тығыз, ауыр, тасымалдауға қабілетті тегіс жұмыр пішінді жеміс • Жемісінің салмағы: 200-220 г. • Жемістері қанық қызыл түсті Артықшылықтары: Тамыр жүйесі мықты жетілген, түйін салу қабілеті жақсы, жуан өсімдік. Гибрид минералды қорек жоғары болған жағдайда өзінің әлеуетін толықтай көрсете алады. Қатаң өсіру жағдайына жақсы бейімделеді. Жемісінің орташа салмағы 200-220 г. Жемісінің ішкі құрылымы тығыз және біркелкі. Жұқа қабатты жылыжайларда көктемде өсіруге арналған. Байконур F1 | Baikonur Жалпы сипаттамалары: • Өте ерте гибрид • Тамыр жүйесі жақсы дамыған шағын және ашық өсімдік • Жемісі жұмыр пішінді • Жемісінің салмағы: 180-200 г • Жемістері күңгірт қызыл түсті Артықшылықтары: Энза Заден индетерминантты гибридтері желісіндегі ең ерте пісетін гибридтердің бірі. Буын аралықтары қысқа өсімдік. Жемістері біркелкі, тығыз және сапасы жоғары, жақсы тасымалданады, дәмдік қасиеттері де тамаша. Гибрид аурулардың кең спектріне, оның ішінде, TYLCV және TSWV вирустарына төзімді болып табылады. Қазақстанда жұқа қабатты жылыжайларда күзгі және көктемгі кезеңдерінде өсіру ұсынылады. Белле F1 | Belle Жалпы сипаттамалары: • Ерте гибрид • Буын аралығы қысқа ашық типті күшті өсімдік • Жеміс пішіні: қырсыз жұмыр • Жемісінің салмағы: 180-200 г • Жемісінің түсі: күңгірт қызыл Артықшылықтары: Кез келген жылыжайда өсіруге арналған ең көнбіс гибрид, технологиялық қателіктерге сезімтал емес. Барлық вегетация кезеңінде шоқтары біркелкі дамиды. Вегетация кезеңінде тұрақты жоғары түсім береді, тіпті дағдарысты жағдайдың өзінде де жоғары түсім береді. Жемісінің сапасы жақсы, тасымалдау көрсеткіштері жоғары, бұл оларды нарықта сапа эталоны ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Өзінің қасиеттерінің жиынтығына байланысты Белле F1 10 жылдан астам уақыттан бері үздік гибридтер қатарында. Байконур F1 Буран F1 Белле F1 8 | Enza Zaden Enza Zaden | 9
Асқабақ Матильда F1
Қарбыз - Қазақстанд
Takii компаниясы сапа
Қырыққабат Аланек F
Қырыққабат Савой қ
Түсті қырыққабатты
Брокколи Квинта F1 К
Пияз Монастрел F1 | Mo
Пияз Йеллоу Стоун F1
Қазақстанда шалғам
Бастапқыда сәбізді
Салат Сұрып Сипатт
Эндивий Саумалдық
2001 жылы Enza Zaden көкөн
Дәмтатымдық дақылд
Дақылдар тұрақтылы
Тұқым сату және жет
Loading...
Loading...
Loading...