Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Ащы бұрыш

Ащы бұрыш Жұқа қабатты жылыжайларда және ашық грунтта өсіруге арналған ащы бұрыш Гомера F1 | Homera Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: ұзынша конус тәрізді • Жемісінің өлшемі: 4 х 22 см • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – ашық жасыл, биологиялық - қызыл Артықшылықтары: Өсіру кезеңінде тұрақты жеміс салатын, ерте пісетін өнімділігі жоғары гибрид. Өсімдік шағын және жапырақтары жүйесі жақсы дамыған. Жемістерінің антоцианды бояуы төмен температура жағдайында болмайды. Жемістерінің дәмі қышқылтым, қалыпты ащы, маринадтауға және балғын қалпында пайдалануға жарамды. Ашық грунтта және жұқа қабатты жылыжайларда өсіру ұсынылады. Гомера F1 Ащы бұрыштың отаны — Оңтүстік Америка, мұнда оны жергілікті тайпалар еуропалықтар келгенге дейін өсірген. Ащы бұрыштың күйдіретін ащы дәмінің болуы капсаицин алкалоидының жоғары мөлшерінің болуына негізделеді. Біздің ащы бұрыш селекциясы бойынша бағдарламамыз қарқынды түрде дамып келеді және ол бірінші кезекте әлемдік нарықтарға: Мексика, Оңтүстік Шығыс Азия және Таяу Шығысқа бағытталады. Осы мемлекеттерде ащы бұрыш аса танымал және оны ұлттық дастарханның әр алуан тағамдарын дайындау үшін пайдаланады. Осы селекциялық бағдарламаның коммерциялық гибридтері: мысалы Шакира және Хайфи өнімділігі мен жеміс сапасы үшін Шығыс Еуропа мемлекеттерінде көкөніс саласының мамандарының жоғары бағасын алған. Чарльстон ашық жасыл түсті, қалыпты ащы дәмі бар ащы бұрыш ерте уақыттан бері Түркияда өсіріледі және тұздау мен маринадтауда кеңінен қолданылады. Enza Zaden осы бұрыш типінің селекциясын жүргізеді. Осы бағдарламадағы Гомера гибридінің Қазақстандағы ащы тағамды ұнататындар үшін әлеуеті жоғары болып отыр. Шакира F1 | Shakira Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: ұзынша конус тәрізді • Жемісінің өлшемі: 4 х 18 см • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – қою жасыл, биологиялық - қызыл Артықшылықтары: Түсім беру әлеуеті жоғары ащы бұрыш гибриді. Жемісін ерте бере бастайды, жемістерінің жетілу мерзімі көшетті отырғызған күннен бастап 55-60 күн. Ашық типтегі қатты өсімдік. Тартымды, жылтыр және біркелкі жемістері дәстүрлі ащы дәмді. Ашық грунтта және жұқа қабатты жылыжайларда өсіру ұсынылады. Хайфи F1 | Hyffae Жалпы сипаттамалары: • Жеміс пішіні: ұзынша конус тәрізді • Жемісінің өлшемі: 2 х 12 см • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – қою жасыл, биологиялық - қызыл Артықшылықтары: Тамыр жүйесі дамыған, жапырақтары мол жуан өсімдік. Өсімдік бір мезгілде біркелкі және сапасы жоғары жеміс береді. Ыстық климат жағдайында тамаша өнім көрсеткіштерін көрсетеді. Ашық грунтта және жұқа қабатты жылыжайларда өсіру ұсынылады. Шакира F1 Хайфи F1 40 | Enza Zaden Enza Zaden | 41

Enza Zaden Brochures