Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Бұрыш Текила

Бұрыш Текила F1 Түрлі түсті текше тәрізді бұрыш Текила F1 | Tequila Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: текше тәрізді • Жемісінің өлшемі: 9 х 12 см • Жемісінің салмағы: 180-220 г • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – ақшыл күлгін, биологиялық – қызыл Артықшылықтары: Ерекше ақшыл күлгін түсті текше тәрізді жемістері бар ерте пісетін гибрид. Тамыр жүйесі дамыған қатты өсімдік. Жемістері тығыз, жақсы тасымалданады, тауарлық түрін ұзақ уақыт сақтайды. Ұштарының шіруіне төзімді. Жұқа қабатты жылыжайларда және ашық грунтта өсіру ұсынылады. Өңдеуге арналған текше пішінді бұрыш Милдред F1 | Mildred Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: текше тәрізді • Жемісінің өлшемі: 9 х 12 см • Жемісінің салмағы: 170-200 г • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – жасыл, биологиялық – сары Артықшылықтары: Қосарлы бағыттағы бұрыштың әмбебап гибриді. Жемістері өңдеу үшін және балғын қалпында қолдану үшін жарамды. Өсімдік аса қуатты, жапырақтары жақсы дамыған, қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімді. Жемістерінің жетілуі көшетті отырғызғаннан кейін 75-78 күнде орын алады. Жемістері ауыр, қабырғасының қалыңдығы 8-10 мм. Гибридтің тауарлық өнім шығысының пайызы жоғары. Ашық грунтта өсіруге қолайлы. Маврас F1 | Mavras Прокрафт F1 | Procraft Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: текше тәрізді • Жемісінің өлшемі: 9 х 12 см • Жемісінің салмағы: 190-210 г • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – қою күлгін, биологиялық – қызыл Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: текше тәрізді • Жемісінің өлшемі: 9 х 12 см • Жемісінің салмағы: 190-220 г • Жемісінің түсі: техникалық жетілуде – жасыл, биологиялық – қызыл Милдред F1 Маврас F1 Артықшылықтары: Аталған гибридтің өзіне тән ерекшелігі жемістерінің техникалық жетілу кезеңіндегі қою жасыл түстен қою күлгін түске біртіндеп ауысуы болып табылады, ал биологиялық кезеңінде – қызыл түске ауысады. Жұқа қабатты жылыжайларда және ашық грунтта өсіру ұсынылады. Артықшылықтары: Жемістері балғын қалпында пайдалануға және өңдеуге жарамды болатын бұрыш гибриді. Өсімдік аса қуатты, тұрақтандырылған және қатты тамыр жүйесінің арқасында қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімді болып келеді, стресс жағдайында түйіндерін тастамайды. Жетілуі көшеттерін отырғызғаннан кейін 72-76 күнде орын алады. Жемістері ауыр, қабырғасының қалыңдығы 12 мм, тамаша тауарлық қасиеттерге ие. Аталған гибридтің маңызды артықшылығы аяз кезінде түсін сақтауы болып табылады. Ашық грунтта өсіруге қолайлы. Прокрафт F1 38 | Enza Zaden Enza Zaden | 39

Enza Zaden Brochures