Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Эльнард

Эльнард Хожа–Ахмедов Бас директор «Энза Заден Қазақстан» ЖШС Құрметті серіктестер! 2018 жылы өзінің 80 жылдығын атап өткелі отырған Enza Zaden компаниясы көп жылдардан бері көкөніс дақылдарының селекциясы, тұқымдарын өндіру және сату саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарында келеді. 2015 және 2016 жылдары Enza Zaden Нидерландтағы беделді «Hillenraad 100» басылымының ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші 100 компанияның рейтингінде көш бастады. Бұл беделді марапат Нидерландтың ауыл шаруашылығы саласында «Оскармен» тең келеді. 2016 жылы 7 сәуірде Family Business Foundation (Отбасылық Бизнес Қоры) Enza Zaden Нидерландтағы үздік отбасылық компания ретінде жыл сайынғы сыйлықты тапсырған. Компанияда 1800-ден астам қызметкер жұмыс жасайды, сонымен қатар, қазіргі таңда ол біліктілігі жоғары персоналға, тиімді технологиялар мен жаңа құрылғыларға инвестиция салуын жалғастырып отыр. Компания қызметінің негізгі бағыттары сапа және инновациялар болып табылады. Біздің мақсатымыз – тұтынушыға денсаулыққа пайдалы алуан түрлі көкөністерді ұсыну. Мультилокальді тәсілді қолдана отырып және жергілікті нарықта тұтынушылармен тығыз қатынасты жолға қою арқылы біз тұтынушы, өндіруші және сауда желілерінің сұраныстарына сәйкес келетін сұрыптар мен гибридтер алуға тырысамыз. Мінсіз сапа мен өнімдердің артықшылығы нәтижесінде жеткізу тізбегінің барлық буындары ұтады. Enza Zaden өнімдерінің әр алуандығы 24-тен астам көкөніс дақылдарының 1100-ден астам гибридтерін құрайды, олардың қатарында, ең негізгілері томат, бұрыш, қияр, салат, пияз, қауын болып табылады. Kомпанияның 43 ғылыми-зерттеу станциялары мен сауда өкілдіктері бар, сонымен қатар, 25 мемлекетте 3 бірлескен кәсіпорындары жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда Enza Zaden дүние жүзіндегі тез қарқынмен дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Жыл сайын компания өзінің айналымының 30% жаңа селекциялық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерге инвестиция түрінде жұмсайды. Біз үнемі нарықтың қажеттіліктерін зерттеп, оның даму бағытын болжауға тырысамыз. Біздің селекционерлер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының шығармашылық әдісі, тәжірибесі және топтық жұмысы, сонымен қатар, заманауи технологияларды пайдалану селекцияда жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, нарыққа жаңа сұрыптар мен тамаша сападағы гибридтерді қысқа мерзім ішінде ұсынуға жағдай жасайды. Ең басты міндетіміз ең жақсы сападағы тұқымдарды жеткізу болып табылады. Тұтынушыларымыздың тұқымға қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыру үшін біз дүние жүзінің барлық түкпірінде өндірістік алаңдар ұйымдастырамыз. Тұқым өндіру бөліміміз тұқымдардың өнуін, сұрыптың тазалығын және ауруларға шалдықпауын тексеріп, жаңа әдістер әзірлейді және енгізеді. Әртүрлі мемлекеттерде көптеген сынақтар жүргізе отырып, біз қандай да бір нарыққа сәйкес келетін селекциялық материалды мұқият іріктейміз. Жергілікті өндірушілермен тығыз әрекеттестікте жұмыс жасай отырып, нарықтық үрдісті ескереміз, кейде өзіміз болашақ даму векторын белгілейміз. Осының салдары ретінде біз жергілікті өндіріс жағдайлары мен тұтынушылардың сұраныстарына максималды сәйкес келетін үздік гибридтер мен сұрыптарды дайындаймыз. Enza Zaden ашық грунтта және жұқа қабатты жылыжайларда өсіруге арналған гибридтері мен сұрыптары Қазақстандағы өндірушілергеде белгілі. Қызанақтың «Буран», «Лоджейн», «Байконур», қиярдың «Тристан» және «Седрик», бұрыштың «Ведрана», «Лотта», кәдінің «Ардендо», пияздың «Саманта», асқабақтың «Матильда», шалғамның «Селеста» гибридтерін, салаттың «Даймонд», аскөктің «Голдкрон», ақжелкеннің «Итальянский Гигант», райханның «Рози» сұрыптарын мамандар лайықты бағалаған. Қазақстанның нарығына арналған жаңа каталогты Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз, мұнда таныс ассортиментпен қатар, ашық грунтта және жұқа қабатты жылыжайларда өсіруге арналған жаңа селекциялық материалдар көрсетілген. Жаңа гибридтер Enza Zaden үшін дәстүрлі өнімдер топтары: ірі жемісті қызанақ, куб және конус тәрізді пішінді тәтті бұрыш, корнишон қияр, шалғам, салат, асқабақ, дәмтатымдық дақылдар және жаңа қызанақ селекциялық бағыттар: қызғылт жемісті және детерминантты қызанақ, пияз, кәді, баялды, түсті қырыққабат және саумалдық түрінде берілген. Аталған сұрыптар мен гибридтердің көпшілігі ТМД елдерінде, Шығыс және Батыс Еуропа мемлекеттерінде табысты өсіріліп отыр. 2017 жылы Алматы қаласында Enza Zaden коммерциялық бөлімшесі - “Enza Zaden Kazakhstan” ЖШС ашылған. Біздің компания болашақтағы Қазақстанның көкөніс индустриясының әлеуетіне зор сеніммен қарайды және елдің көкөніс шаруашылығында инновациялық әдістерді дамытуға белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр. 2017 жылы желтоқсан айында Enza Zaden компаниясы және Takii (Жапония) қазақстандық нарықтағы серіктестік туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап «Enza Zaden Kazakhstan» ЖШС Қазақстан Республикасы аумағындағы Takii өнімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. Осы серіктестіктің нәтижесінде біздің ассортиментіміз Takii селекциясының ашық грунтқа арналған: ақ қауданды қырыққабат және Пекин қырыққабаты, пияз, сәбіз, қарбыз, брокколи, дайкон және басқа да көкөніс дақылдарының тұқымдарымен толықты. Каталогта бұл гибридтер мен сұрыптар сәйкес тауар белгісімен көрсетілген. Біздің білікті және тәжірибелі қызметкерлеріміз Сіздерге барлық қажетті ақпаратты ұсынады, кеңес береді және Сіздің талаптарыңызға сәйкес келетін сұрып немесе гибридті таңдауға көмектеседі. Өнім, өндіруші және тұтынушы үнемі біздің назарымызда болады. Сізге және Сіздің бизнесіңізге Enza Zaden селекциясының тұқымдарымен өсірілген көкөністермен бірге өсу мен гүлденуін тілейміз! Олег Гладуняк Шығыс Еуропадағы Сату бойынша аймақтық директор «Энза Семена» (Ресей) ЖШҚ Бас директоры Эльнард Хожа-Ахмедов «Enza Zaden Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Enza Zaden | 3

Enza Zaden Brochures