Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Салат Сұрып

Салат Сұрып Сипаттама Төзімділік Айсберг салаты HR IR Ансамбль | Ensemble Жабын материалын қолданумен көктемде бірінші отырғызу және күзде ең кеш отырғызу үшін арналған жылдам өсетін салат. Ішкі құрылысы әдемі жоғары сапалы шағын жұмыр қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Жарылуға және жапырақтардың шеттік күюіне төзімді. Bl:16-27,29,32,34EU Дамион | Damion Қою жасыл түсі бар салаттың жаңа тез өсетін сұрыбы. Тамаша ішкі құрылысы және қысқа көсеусабағы бар орташа көлемді жұмыр қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Жарылуға және ішкі некрозға төзімділігі жоғары. Оңтүстік аймақтарда көктемде және күзде өсімдікті өндіру үшін ұсынылады. Bl:16-35EU Салат – бүкіл дүниежүзіндегі ең танымал өсімдік; оны пайдалану өсімі калорияның төмен болуы, жоғары нәрлі құндылық, балғындық және пайдаланудағы ыңғайлық сияқты сапалары арқылы жалғастыруда, бұл бүгінгі күні нарықта ұсынатын қаптамадағы салат қоспаларының ассортиментіне байланысты өзекті болып келеді. Еуропа, АҚШ және Австралия мемлекеттері тұрақты салат нарығына жатады, ал Бразилия, Мексика және Түркия сияқты нарықтар дамушы және үлкен әлеуеті мемлекеттер болып есептеледі. Enza Zaden – салат селекциясында танылған әлем жетекшісі. Біз қосылған құны жоғары ең үздік сапасы бар өнімді құру үшін барлық мүмкін күштерімізді саламыз. Онымен қоса, біз жеткізушілердің барлық тізбектерінің: өндірушінің, сатушының және сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы өнімдерді дамытуға бағытталғанбыз. Нидерландыда, Францияда, Испанияда, АҚШ-та және Австралияда жұмыс істейтін компаниялардың он селекционерлері бір бірімен белсенді ынтымақтаса отырып, жапырақтың текстурасын, дәмін, түсін, сақталуын және ауруларға, жарылуына және шеттік күюіне төзімділігі сияқты салаттың қасиеттерін жетілдірумен жұмыс істеуде. Enza Zaden салаттарының ассортименті өте көп. Селекция жүргізілетін салаттардың негізгі түрлері мыналар болып табылады: Айсберг, Романо, Лолло Росса және Бионда, Батавия, қауданды-майлы, емен жапырақты, Babyleaf және жаңа түр Eazyleaf. Enza Zaden салатының селекциялық бағдарламасы климаты ыстық оңтүстік аймақтар және климаты қоңыржай солтүстік аймақтар үшін арналған салаттар деп бөлінеді. Бұл әртүрлі климаттық жағдайлары бар Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін өте өзекті болып келеді. Тевион | Tevion Даймонд | Diamond Папиро | Papiro Саула | Saula Глендана | Glendana Қою жасыл түсі бар салаттың жаңа тез өсетін сұрыбы. Тамаша ішкі құрылысы және қысқа көсеусабағы бар орташа көлемнен ірі көлемге дейінгі көтеріңкі жұмыр қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Жарылуға және ішкі некрозға төзімділігі жоғары. Оңтүстік аймақтарда көктемде және күзде өсімдікті өндіру үшін, сонымен қатар Солтүстік аймақтарда мамырдан бастап шілдеге дейін өндіру үшін ұсынылады. Өте стресске төзімді тым иілгіш сұрып, Ресей нарығындағы ең танымалдардың бірі. Әдемі ішкі құрылысы бар ірі жұмыр қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Жарылуға, ішкі некрозға және жапырақтардың шеттік күюіне төзімділігі жоғары. Оңтүстік аймақтарда көктемде және күзде өсімдікті өндіру үшін, сонымен қатар Солтүстік аймақтарда кеш көктемде, жаздың басында және күзде өндіру үшін ұсынылады. Өте стресске төзімді иілгіш сұрып. Қою жасыл түсті орташа көлемнен ірі көлемге дейінгі жұмыр қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеу үшін арналған. Жарылуға, ішкі некрозға және жапырақтардың шеттік күюіне төзімді. Солтүстік аймақтарда кеш көктемде және жаз бойы өндіру үшін ұсынылады. Өте стресске төзімді салат. Қою жасыл түсті ірі көлемді жұмыр қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Жарылуға, ішкі некрозға және жапырақтардың шеттік күюіне төзімді. Солтүстік аймақтарда кеш көктемде және жаз бойы және Оңтүстік аймақтарда көктемгікүзде өндіру үшін ұсынылады. Ыстық ауа-райы жағдайына төзімді жаңа жай өсетін салат сұрыбы. Тамаша ішкі құрылысы және қысқа көсеусабағы бар қою жасыл түсті орташа көлемнен ірі көлемге дейінгі жұмыр қаудандарды түзеді, жапырақтармен жақсы жабылған. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Жарылуға, ішкі некрозға және жапырақтардың шеттік күюіне төзімділігі жоғары. Солтүстік аймақтарда жазда өндіру үшін ұсынылады. Bl:16-27,29,31,32,34EU/ Nr:0/Pb Bl:17EU Bl: 16,21,23,32EU Bl:16,21,23,32EU Bl:16-27,29,32,34EU Fol:1 Миллион | Million Солтүстік аймақтарда кеш көктемде, жаздың басында және күзде өндіру үшін арналған салат сұрыбы. Қою жасыл түсті ірі қаудандарды түзеді. Балғын өнімдер нарығы және қайта өңдеуге арналған. Ішкі некрозға және жапырақтардың шеттік күюіне төзімділігі жоғары. Bl:16-27,29,32EU/ 1-8US HR: High Resistance – тұрақтылықтың жоғары дәрежесі | IR: Intermediate Resistance – тұрақтылықтың орташа дәрежесі | Тұрақтылық кодтарының мағынасын 118 бетінен қараңыз. Гибридтердің тұрақтылығы бойынша ақпарат www.enzazaden.com. және www.enzazaden.ru сайттарында берілген. 102 | Enza Zaden Enza Zaden | 103

Enza Zaden Brochures