Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Enza Zaden

Enza Zaden қызанақ селекциясының ұзақ және табысты тарихы бар. Біздің гибридтердің әр алуандығы түрлі тұрпаттармен берілген, оның ішінде, ірі жемісті қызыл, қызғылт, айрықша ірі шоқты, черри және басқалары бар. Ірі жемісті қызыл қызанақ жұқа қабатты жылыжайларда өсіріледі, бұл – біз дәстүрлі түрде қолданатын селекцияның бағыты. Жаңа гибридтерді алу барысында жоғары түсімінен мен ауруларға тұрақтылығынан басқа қызанақтың дәмі, түсі, жемісінің өлшемі, жарықшақтануға тұрақтылығы, ерте жетілуі және пластикалығы секілді қасиеттеріне басым назар аударылады. Біздің жаңа өнімдеріміз аталған қасиеттерге ие болып табылады. Қызғылт қызанақтың гибридтері Еуропа мен Азия елдерінде зор танымалдыққа ие болып отыр. Біз осы бағытты қарқынды дамытып отырмыз. Қызғылт жемісті қызанақтың коммерциялық гибридтері біздің ассортиментімізден орын алған. Қазақстанда, оның ішінде, ірі қалаларда шоқты, өрік тәрізді, сарғыш жемісті қызанақтар мен черри қызанақтарына сұраныстың артуын бақылап жүрміз. Enza Zaden Қазақстан нарығында жұқа қабатты жылыжайларда өсіруге бейімделген аталған типтегі жоғары сапалы гибридтерді ұсынады. Ашық грунтқа арналған қызанақтар біздің ассортиментімізде жетілу мерзімі әр түрлі тұрақтылығы жоғары гибридтер түрінде берілген. Біз селекцияны үш бағытта жүргіземіз: қызыл жұмыр, өрік пішінді және қызғылт жемісті қызанақ. Біздің селекциялық бағдарламаның жетістігін Лоджейн F1 бірнеше жылдар бойы ашық грунтқа арналған қызыл жұмыр қызанақ сегментінде даусыз көшбасшы орынды иеленуі фактісі растайды. Қызанақ әлемдік нарықтағы маңызды көкөністік дақыл болып табылады. Біз өз гибридтерімізді дүние жүзінің 80-нен астам елінде сатамыз және Сіздің дастарханыңыздағы қызанақтың біздің тұқымнан өсірілген болуы ықтимал. Қызанақ Жұқа қабатты жылыжайларда өсіруге арналған индетерминантты қызанақтар Ірі жемісті қызыл қызанақ Муалла F1 | Mualla ЖАҢА ӨНІМ! Жалпы сипаттамалары: • Ерте пісетін гибрид • Түйіндер аралығы қысқа жуан өсімдік • Жемісі тегіс жұмыр, тығыз, біркелкі • Жемісінің салмағы 200-220 гр • Жемістері қанық қызыл түсті Артықшылықтары: Шағын өсімдіктің жаңа генеративті гибриді, тұрақты түйнек салатын және шоқтары тұрақты қалыптасатын түрі. Өзіне тән ерекшелігі - жемістердің сыртқы келбетін және тартымдылығын арттыратын әдемі пішінді жасыл бұталардың болуы. Қазақстанда жұқа қабатты жылыжайларда күзгі және көктемгі кезеңдерінде өсіру ұсынылады. Артеон F1 | Artheon ЖАҢА ӨНІМ! Жалпы сипаттамалары: • Ерте пісетін гибрид • Ашық типті жуан өсімдік • Жемістері жұмыр пішіннен тегіс жұмыр пішінге дейін болады • Жемісінің салмағы 200-220 гр • Жемістері қанық қызыл түсті Артықшылықтары: Энза Заден компаниясының арнайы Орталық Азия нарықтары үшін дайындалған жаңа гибриді. Түйін салуы тамаша және әр шоқта 5-7 тегіс жеміс салады. Өзіне дейінгі өнімдермен салыстырғанда барлық артықшылықтарға ие, атап айтқанда түсі қанық, түсімі жоғары, тығыздығы мен тасымалдау қабілеті жақсы, сонымен қатар, қызанақтың вирустық ауруларына тұрақтылығы спектрі кең, оның ішінде қызанақ жапырақтарының сары бұйралануы вирусына (TYLCV) тұрақты. Жұқа қабатты жылыжайларда күзгі және көктемгі кезеңдерінде өсіру ұсынылады. Муалла F1 Пулод Абдураймов Түркістан облысы бойынша сауда өкілі, жұқа қабатты жылыжайлар Артеон F1 6 | Enza Zaden Enza Zaden | 7

Enza Zaden Brochures