Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Қияр Гуннар F1

Қияр Гуннар F1 | Gunnar Туми F1 | Tumi Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қуатты, жартылай ашық • Жемісінің ұзындығы: 12-14 см • Жемісінің салмағы : 130-150 г • Жемісінің пішіні: өсіру кезеңі ішінде цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: ақшыл жолақтары жоқ күңгірт жасыл Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қатты, ашық • Жемісінің ұзындығы: 10-12 см • Жемісінің салмағы : 80-110 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: жасыл Артықшылықтары: Ерте және жоғары түсімді гибрид. Жылдам дамитын тамыр жүйесі бар өсімдік әр жапырақ қолтығында 2-4 жеміске дейін қалыптастырады. Жақсы регенерация қабілетіне ие, бұл негізгі сабағынан түсімнің 4 «толқынын» алуға мүмкіндік береді. Гуннар F1 көлеңкеге төзімділігі жоғары және ерте отырғызуға жарамды болып келеді. Жемістері үнемі тегіс болады және артық өсу барысында бөшке тәрізді болып иілмейді. Иілгіш гибрид әр түрлі топырақ-климаттық жағдайларда өсіруге жарамды. Тамаша дәмдік қасиеттері балғын қалпында және консервілеу кезінде де сақталады. Жұқа қабатты жылыжайларда бірінші және екінші айналымда өсіруге жарамды. Артықшылықтары: Стандартты корнишондардың ерте жоғары түсімін қамтамасыз етеді. Төмен температура жағдайында да белсенді өседі және дамиды. Жеміс салуы жақсы және стресс немесе жарықтың жеткіліксіздігі жағдайында түйіндерін тастамайды. Әр жапырақ қолтығында 2-3 жемістен қалыптасады. Жеміс пропорциялары артық өскен жағдайда да жойылмайды. Тартымды тауарлық түрі мен ұзындығы бойымен бұдырлығы байқалады. Жемістері жақсы сақталады және алыс қашықтыққа тасымалданады. Жұқа қабатты жылыжайларда бірінші және екінші айналымда өсіру ұсынылады. Гуннар F1 Седрик F1 | Cedrik Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қатты, жартылай ашық • Жемісінің ұзындығы: 12-14 см • Жемісінің салмағы : 130-150 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: ақшыл жолақтары жоқ күңгірт жасыл Артықшылықтары: Тиімді және біркелкі өнім беретін ерте гибрид, қуатты тамыр жүйесі бар. Тамаша жеміс түйінін салады және жаздың ыстық күнінде де түйінін тастамайды. Әр жапырақ қолтығында 2-4 жеміс қалыптастыратын жоғары түсімді Седрик F1 сапасы жоғары ірі дөңесті жемістерінің тұрақты шығуымен ерекшеленеді. Өте жақсы сақталады және тасымалданады. Жұқа қабатты жылыжайларда бірінші және екінші айналымда өсіруге жарамды. Сигурд F1 | Sigurd Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қатты, тұрақтандырылған • Жемісінің ұзындығы: 10-12 см • Жемісінің салмағы : 80-110 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: жасыл Артықшылықтары: Қатты өсу күшімен, қуатты тамыр жүйесімен және ыстыққа тұрақтылығымен ерекшеленеді, осының нәтижесінде Сигурд F1 ұзақ айналыммен өсіруге болады. Жеміс салуы жақсы және стресс немесе жарықтың жеткіліксіздігі жағдайында түйіндерін тастамайды. Әр жапырақ қолтығында 2-3 жемістен қалыптасады. Қиярдың тығыз ішкі құрылымы және тұқым камерасының кішкентай болуы гибридті өңдеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Алыс қашықтыққа тамаша тасымалданады. Жұқа қабатты жылыжайларда бірінші және екінші айналымдарда және ашық грунтта өсіруге арналған. Туми F1 Седрик F1 Сигурд F1 26 | Enza Zaden Enza Zaden | 27

Enza Zaden Brochures