Views
2 years ago

Қауын 2018

  • Text
  • Zaden
  • Torpedo
  • Dakaro
  • Enza
  • Enkhuizen
  • Netherlands
Leaflet Kazakhstan Torpedo 2018

Қауын Қауын – бұл тартымды, аса тәтті, хош иісті және денсаулыққа пайдалы жеңсік ас. Қауынның отаны Орталық Азия елдері, Африка және Үндістан болып табылады. Қазақстанның бағбандары өсіретін қауындар елдің шегінен тыс жерлерде де танымал және ең көп өсірілетін бақша дақылы болып табылады. Арнайы жергілікті нарық үшін Enza Zaden мамандары қандай да бір аймақта өсірілетін және тұтынылатын қауын сұрып типтерінің гибридтерін дайындайды. Осылайша, Орталық Азия нарықтары үшін «Торпеда» сұрып типінің гибриді енгізілген. Қазақстанда өсірілетін сұрыптардың әр алуандығы ішінде «Торпеда» сұрып типі дәстүрлі және еліміздің Жетісай және Қызылорда аймақтарында басым болып табылады. Оның басты себептерінің бірі Қазақстанның ішкі нарығындағы және Ресей мен Батыс Еуропа мемлекеттерінің экспорттық нарығындағы тұтынушылары арасында танымалдығы болып табылады. Ал ол өз кезегінде, ауруларға тұрақтылығының, тамаша дәмінің және өте жақсы тасымалдануының арқасында. Гибридтердің ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарымен салыстырғандағы басты артықшылығы неде? Гибридпен дақылдың арасындағы жалпы жұртшылыққа мәлім болған айырмашылығы ретінде төмендегі сипаттамаларды атап өтуге болады: • Егін өнімділігінің жоғарылығы: орташа есеппен алғанда гибридтің өнімділігі 30-40 пайызға артық; • Табиғаттық-климаттық жағдайларға бейімделушілігі: сыртқы орта факторларының (климат, ылғалдылық, жер қыртысы) 30-50% жуығын гибрид тиімді пайдаланады; • Белгілі аурулармен зиянкестерге қарсы тұрақтылығы; • Қысқа мерзімде пісіп жетілуі – көбінесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге бұл өте маңызды әрі тиімді; • Өнімнің жоғары дәрежедегі тауарлық сапасымен тұтынылу қасиеттері: көз тартарлық көрінісі, ұзақ мерзім сақтау мүмкіндігі, керемет ерекше дәмі. Әрине, жоғарыда аталып өткен барлық потенциал біздің қауын гибридтерінде генетикалық деңгейінде енгізілген. Торпедо F1 | Torpedo Жалпы сипаттамалары: • Сұрып типі: Торпеда • Жеміс пішіні: ұзынша сопақ • Өте шырынды, дәмді және хош иісті жұмсағы бар • Жақсы тасымалданады • Ауруға төзімді Артықшылықтары: Қуатты өсімдік жоғары түсім әлеуетін қамтамасыз етеді – бір өсімдікте 2-3 жеміс пісіп жетіледі. Жемістері ерте және біркелкі піседі. Ұзынша сопақ пішінді жемістерінің әдемі торлы бедері бар, алтын түстес сарғыш және сирек байқалатын жасыл жолақтары болады. Жемісінің орташа салмағы 5-6 кг. Тұқым камерасы шағын. Ақ түсті жұмсағы қытырлақ, өте тәтті, тұтынушылық қасиеттері жоғары. Жемістері жақсы сақталады және алыс қашықтыққа жақсы тасымалданады. Гибрид қабықша астында өсіруге немесе ашық грунтта өсіруге жарамды. 0,1,2 қатарының фузариозды солуына тұрақтылығы деңгейі жоғары. Дакаро F1 | Dakaro Жалпы сипаттамалары: • Сұрып типі: Ананас • Жетілу мерзімі: 50-53 күн • Жеміс пішіні: сопақ • Жемісінің салмағы: 1,5-2 кг • Жемісінің түсі: әдемі торы бар алтын түстес сарғыш Артықшылықтары: Көшет әдісімен ерте өнім алуға жарамды, оның ішінде, жабын материалдары астында өсіруге жарамды. Негізгі сегментте тікелей егу үшін пайдалануға болады. Өсімдіктің тамаша регенерация қабілеті өнімдерді жинау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Сапасы тамаша, жұмсағы ақ және қант мөлшері жоғары жеміс береді. Қатты және жағымды хош иісі тамаша дәм қасиеттерін толықтырады. Гибрид өз сегментінде жақсы тасымалдануымен ерекшеленеді. Торпедо F1 Дакаро F1

Enza Zaden Brochures

Огурец
Пряно-вкусовые культуры 2019 | 2020
Лук
Перец 2019
Тыква 2019
Салаты Eazyleaf
Дыня 2018
Қауын 2018
Редис | Дайкон 2017 | 2018
Тыква 2017 | 2018
Корнишон 2017 | 2018