Бастапқыда сәбіздің Takii селекциясы Курода типіне негізделген. Аталған типтің негізгі ерекшеліктері тамаша дәмі, тамыржемісінің қанық сыртқы және ішкі түсі болып табылады. Селекция Жапонияда жүргізіледі және бұл бағдарламаның көптеген гибридтері Азия мен Оңтүстік Америкада танылған. Соңғы бірнеше жыл ішінде Takii компаниясы Орталық және Шығыс Еуропа нарығына Курода мен Нант типін және Шантане қасиеттерін біріктірген аралас типтегі гибридтерді шығарған. Мысалы, Тангерина гибриді екі сұрып типтерінің қасиеттерінің бірегей үйлесімі түрінде болады және ерте жетілу, жоғары тегістік және өнімділік, тамаша дәм және тамыржемістерінің қаныққан түсі секілді қасиеттер көрсетеді. Өнеркәсіптік ауқымда сәбіз өсіретін және жинау үшін әр алуан түрлі көкөніс жинау комбайндарын пайдаланатын кәсіпорындар санының ғаламдық артуымен қатар, механикаландырылған жинау тәсіліне бейімделген сәбіз гибридтеріне сұраныс артып отыр. Takii жаңа гибридтері жинау барысындағы механикалық зақымдалуға тұрақты және өзінің тамаша дәмі мен түсін сақтайды. Осы аталғандардың барлығы ауруға тұрақты сау дақылмен үйлесімде пайдаланушыларға сапалы өнімнің максималды шығысын қамтамасыз етеді. Сәбіз Тангерина F1 | Tangerina Жалпы сипаттамалары: Сұрып типі: Шантане, Курода типі Вегетациялық кезеңі: өскін шыққан күннен бастап 85-90 күн Тағайындалуы: қысқа мерзімге сақтауға арналған, балғын өнім нарықтарына арналған Тамыржемісінің ұзындығы: 15-17 см Тамыржемісінің пішіні: конус тәрізді Отырғызу тығыздығы: 1 га аумаққа 0,9-1,0 млн. тұқым Артықшылықтары: Пластикалы жоғары түсімді гибрид. Сапасы жоғары, орташа салмағы 180 г нәрлі тамыржемістер түзеді. Өсу күші қуатты, сабағы берік бекінген. Аталған гибрид үшін үсік шалу тиімсіз болып табылады. Альтернариозға тұрақтылығы жоғары. Проминанс F1 | Prominence Жалпы сипаттамалары: Сұрып типі: Шантане, Курода типі, Вегетациялық кезеңі, өскіні шыққан күннен бастап 95-күн Тағайындалуы: қысқа мерзімге сақтауға арналған, балғын өнім нарықтарына арналған Тамыржемісінің ұзындығы: 16-19 см Тамыржемісінің пішіні: конустан цилиндр пішініне дейін Отырғызу тығыздығы: 1 га - 0,9-1,0 млн. Тангерина F1 Артықшылықтары: Сәбіздің түсімі жоғары гибриді, аса тегіс, сапалы біркелкі тамыржемістер түзеді, тамыржемістерінің ішкі және сыртқы түсі қаныққан қызғылт-сары түсті. Жапырақтары қуатты, альтернариозға тұрақты. Қолайсыз өсіру жағдайларына төзімділігі жақсы. Жетілген кезде жарықшақтанбайды, өсуі мен салмақ жинауын жалғастырады. Проминанс F1 Аурантина F1 | Aurantina Жалпы сипаттамалары: Сұрып типі: Нант, Курода типі Вегетациялық кезеңі: өскін шыққан күннен бастап 105-115 күн Тағайындалуы: балғын өнім және өңдеу нарығына арналған Тамыржемісінің ұзындығы: 18-20 см Тамыржемісінің пішіні: цилиндр тәрізді Отырғызу тығыздығы: 1 га 0,9-1,0 млн. тұқым Арман Темирханов Oңтүстік-Шығыс Қазақстан бойынша сауда өкілі, ашық грунт Артықшылықтары: Цилиндр пішінді тамыржемістерінің қабығы тегіс, өздері шырынды болады, ішкі және сыртқы түсі қаныққан ерекше қызғылт сары түсті. Кішкентай өзегі бар. Тамаша дәм қасиеттеріне ие. Сау және жуан өсімдік. Жапырақтары қатты, механикаландырылған жинау жағдайына тамаша үйлеседі. Гибрид гүлдеуге және альтернариозға тұрақты. Аурантина F1 98 | Enza Zaden Enza Zaden | 99
Жұқа қабатты жылыж
Виталис - органикал
Қызанақ Ірі жеміст
Қызанақ Ірі жеміст
Қызанақ Шоқты қыза
Қызанақ Ашық топыр
Корнишон қияры бой
Қияр Дерия F1 | Derya Қы
Бұрыш гибридтеріні
Бұрыш Түрлі түсті т
Ащы бұрыш Жұқа қаба
Enza Zaden баялды селек
Loading...
Loading...
Loading...
Enza Zaden Brochures