Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Пияз Таф Бол

Пияз Таф Бол F1 Қазақстанның оңтүстік аймақтарына арналған күздік басты пияз Таф Бол F1 | Tough Ball Жалпы сипаттамалары: Ерте пісуі: ерте Пиязшық пішіні: жұмыр Пиязшық өлшемі: орташадан іріге дейін Егу нормасы: 1 га 0,9-1,1 млн. тұқым Артықшылықтары: Тез өсетін өнімділігі жоғары қою жасыл түсті жапырақтары бар гибрид. Жұмыр пішінді, мойны жұқа және берік алтын түстес қоңыр қабықтары бар пиязшықтар түзіледі. Орташа және төмен егу тығыздығы үшін жарамды. Хай-Кипер F1 | Hi-keeper Жалпы сипаттамалары: Ерте пісуі: орташа ерте Пиязшық пішіні: жұмыр Пиязшық өлшемі: ірі Егу нормасы: 1 га 0,9-1,1 млн. тұқым Артықшылықтары: Хай-Кипер F1 алтын түстес қоңыр қабықтары бар, мойны жұқа ірі пиязшықтар түзеді, олар пішіні мен өлшемі бойынша біркелкі болып келеді. Қабықтарының тығыздығы мен сапасы жинаудан кейінгі сақтау мерзімін біршама ұзартады. Кип Вэл F1-ге қарағанда біршама кеш жетіледі. Хай-Кипер F1 Галатея F1 | Galatea Жалпы сипаттамалары: Ерте пісуі: орташа ерте Өсу күші: жоғары Пиязшық пішіні: жұмыр Пиязшық өлшемі: орташа Егу нормасы: 1 га 0,9-1,1 млн. тұқым Галатея F1 Артықшылықтары: Гибрид аса қуатты тік өсетін қою жасыл түсті жапырақтарымен ерекшеленеді. Пиязшықтарының өлшемдері қарқынды өсіру жағдайында артуы мүмкін. Пішіні тегістелген және өлшемдері біркелкі пиязшықтарының мойындары жіңішке және 3-4 берік қоңыр түсті сыртқы қабықтары болады. Кип Вэл F1 | Keep Well Жалпы сипаттамалары: Ерте пісуі: орташа ерте Пиязшық пішіні: тегіс жұмыр Пиязшық өлшемі: орташа Егу нормасы: 1 га 0,9-1,1 млн. тұқым Кип Вэл F1 Артықшылықтары: Өндірісте тұрақты гибрид. Жылтыр қола түсті пиязшықтар түзеді. Сыртқы қабықшаларының тығыздығы мен сапасы жаздық пияздарды жинағанға дейін сақталуына кепілдік беріледі. Қыстан шығуға және жарықшақтануға тұрақты. 88 | Enza Zaden Enza Zaden | 89

Enza Zaden Brochures