Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Түсті

Түсті қырыққабатты алуан түрлі климаттық жағдайларда өсіреді. Түсті қырыққабаттың негізгі нарығы – Солтүстік Батыс Еуропа, Испания, АҚШ және Австралия. Әрбір өндірістік аймақ және әрбір тұтыну нарығының өзінің дақылға қоятын арнайы талаптары бар. Біздің Нидерландыдағы, Австралия және АҚШ пен Италиядағы селекционерлер тобы бір-бірімен белсенді серіктестікте жұмыс жасап, әр жеке аймақтың жағдайына бейімделген гибридтерді жарыққа шығарады. Шығыс Еуропаға арналған селекцияда селекционерлердің күш жігері бірінші кезекте стресске тұрақты және пластикалы, құрлық климаты жағдайында өзін жабу қабілеті жоғары, температураның ауытқуына тұрақты гибридтер шығаруға бағытталады. Күмбез тәрізді пішіні, қардай ақ түсі және басының тамаша тығыздығы – біздің гибридтердің ерекшеліктері болып табылады. Өзінің жұмыстарында біздің селекционер-ғалымдар дамудың үш бағытына баса назар аударады: балғын өнім нарығына арналған гибридтер, өңдеуге арналған гибридтер және түсті қырыққабаттың ерекше типтері сегменті. Дүние жүзінде балғын өнім нарығы қалыптасқан және тұрақты болып табылады, мұнда негізгі талап жоғары сапа және басының шағын өлшемі болып табылады. Өңдеу – дамушы нарық, мұнда қауданының мөлшері ірі, көсеусабағын механикалық алып тастағаннан кейін көптеген ұсақ гүл шоғырларына ыдырауға қабілетті сұрыптар сұранысқа ие болып отыр. Біздің ассортименттегі ерекше типтердің ішінен Романеско түсті қырыққабаты және басы жасыл түсті қырыққабат ұсынылып отыр. Түсті қырыққабат Синерджи F1 | Synergy Жалпы сипаттамалары: Тағайындалуы: балғын өнім нарығына және өңдеуге арналған Вегетациялық кезеңі: 70-75 күн Өсімдік: қатты, шағын Басының салмағы: 1,6-2,0 кг Басының пішіні: күмбез пішінді Басының түсі: қардай ақ Артықшылықтары: Тамыр жүйесі жақсы дамыған, стресстік жағдайға тұрақты гибрид. Қою жасыл түсті тығыз жапырақтары тігінен орналасқан және басын күннен қорғайды. Тауарлық өнімнің аса жоғары шығысымен сипатталады. Бастарының биік болуы жинауды жеңілдетеді. Жоғары температура жағдайында талшықты және антоцианды бояу түзбейді. Жаздың басынан бастап күздің соңына дейін конвейермен жинау ұсынылады. Өңдеуге және мұздатуға жарамды, себебі гүл шоғырлары біркелкі және бір-бірінен оңай ажыратылады. Концепт F1 | Concept Жалпы сипаттамалары: Тағайындалуы: балғын өнім нарығына және өңдеуге арналған Вегетациялық кезеңі: 75-80 күн Өсімдік: қатты, шағын Басының салмағы: 1,8-2,0 кг Басының пішіні: тегістелген, күмбез тәрізді Басының түсі: қардай ақ Синерджи F1 Артықшылықтары: Тығыз қою жасыл түсті, тік өсетін жапырақтары бар қуатты гибрид. Өзін-өзі жабу қасиеті жақсы. Жетілуі біркелкі жүреді, сол себепті бір мәрте жинауға болады. Жоғары температура жағдайдың өзінде сапасы жоғары баста қалыптастырады, бұл жағдайда талшықтылық пен антоцианды бояу түзілмейді. Гүл шоғырларына оңай ыдырауына байланысты өңдеуге жарамды болады. Концепт F1 78 | Enza Zaden Enza Zaden | 79

Enza Zaden Brochures