Views
4 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Takii

Takii компаниясы сапа, дәм және максималды өнімділікке бағытталған қырыққабат селекциясының ғаламдық тәсілін ұстанады. Takii гибридтері әрбір нарықтың жекелеген аймақтардың климаттық жағдайларына бейімделген және белгілі сипаттамалары бар қажеттіліктеріне сәйкес келеді: жұқа қабықшамен қапталған жабын астында ерте пісетін қырыққабаттан бастап, кеш пісетін – сақтау мен өңдеуге жарамды қырыққабаттарға дейін қарастырылады. Takii селекциялық станциялары Жапония мен Нидерландыда орналасқан. Климаттың ғаламдық өзгеруі қырыққабаттың әр түрлі ауруларының жұқпа қорының нашарлауына алып келеді. Сол себепті сапаны бір мезгілде жақсарта отырып тұрақтылық спектрін кеңейту дүние жүзі бойынша өндірушілер мен тұтынушылар үшін жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ақ қауданды қырыққабаттың ассортиментінде Сунта, Структа, Чирз, Компас секілді танымал гибридтер бар, олар әлемдік нарықтарда көшбасшы орындарды иеленген. Жалпақ ақ қауданды қырыққабат Қазақстанда қазіргі кезде жете танымал емес, ол балғын өнімді тұтыну нарығында қолдануға, салаттар дайындауға қолайлы, дұрыс тамақтану рационының тамаша құрамдауышы болып табылады. Takii селекциясының Пекин қырыққабатының кильге тұрақтылығы жоғары. Takii ассортименті қызыл қауданды және савой қырыққабатын қамтиды. Қырыққабат Ақ қауданды қырыққабат Радан F1 | Radan Жалпы сипаттамалары: Тағайындалуы: балғын өнім нарығына арналған Вегетациялық кезеңі: 50-55 күн Ұсынылатын отырғызу тығыздығы: 1 га 40.000 – 50.000 өсімдік Қаудан салмағы: 1,0-1,5 кг Өсімдік: ашық, қуатты Артықшылықтары: Қауданы пішіні мен салмағы бойынша жоғары біркелкілігімен сипатталатын ерте пісетін гибрид. Қаудандары аса тығыз, жұмыр пішінді, тартымды жасыл түсті, жарықшақтануға тұрақты және далада тамырымен ұзақ сақталады. Жабын материалы астында және ашық грунтта өсіруге арналған. Ортус F1 | Ortus Жалпы сипаттамалары: Тағайындалуы: балғын өнім нарығына арналған Вегетациялық кезеңі: 50-55 күн Ұсынылатын отырғызу тығыздығы:1 га 40.000 - 60.000 өсімдік Қаудан салмағы: 0,8-1,5 кг Өсімдік: ашық, шағын Радан F1 Артықшылықтары: Түсім әлеуеті жоғары, жасыл түсті жапырақтары мен біркелкі жұмыр қауданы бар өсімдік. Гибрид тұқым шашуға және жарықшақтануға тұрақты. Тек ашық грунтта өсіру ұсынылады. Ортус F1 Сунта F1 | Sunta Жалпы сипаттамалары: Тағайындалуы: балғын өнім нарығына арналған Вегетациялық кезеңі: 60-65 күн Ұсынылатын отырғызу тығыздығы:1 га 40.000 – 60.000 өсімдік Қаудан салмағы: 1,5 -2,0 кг Өсімдік: ашық шағын Ирина Пастухова Бас бухгалтер Артықшылықтары: Қаудандарының пішіні және салмағы бойынша жоғары біркелкілігімен сипатталатын ерте пісетін гибрид. Қаудандары жұмыр пішінді, тартымды жасыл түсті, тұқым шашуға және жарықшақтануға тұрақты, далада тамырымен ұзақ сақталады. Дәм қасиеті тамаша. Сунта F1 66 | Enza Zaden Enza Zaden | 67

Enza Zaden Brochures