Қарбыз – Қазақстандағы ең танымал бау-бақша дақылдарының бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде қарбыз өседі. Ежелгі Египетте өсірілетіні белгілі болса да, қарбыздың отаны Оңтүстік Африка болып саналады. Қарбыз Египеттен Үндістанға таралып, одан Қытайға өтті, қазіргі күні Қытайда бүкіл әлемдік қарбыз өндірісі шоғырланған. Азия арқылы, Пиреней түбегінің арабтар жаулап алған кезде, қарбыз Еуропаға келді. Озінің бай және ежелгі тарихының арқасында қарбыз көптеген елдердің ұлттық тағамдарының ажырамас бөлігіне айналды. Қарбыз маңызды дақылдың бірі болып есептелетін көптеген мемлекеттер үшін (Қазақстан, Испания, Түркия, Италия және араб мемлекеттері) өсімдіктері мен жемістерінің түрлі типтері кездесетін қарбыздың сұрыптары мен гибридтері тән болады. Бірнеше жыл бұрын Enza Zaden компаниясы қарбыз бойынша өзінің селекциялық бағдарламасын бастаған. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың табысты нәтижесі қазақстандық өндірушілер арасында танымал болып отырған Маристо және Тамтам гибридтері болды. Аз уақыт бұрын жемістерінің өлшемдері мен реңдері әр түрлі қарбыздардың жаңа желісінің мақсатты бағдарламасы сатып алынған. Жемістері кішкентайдан бастап аса іріге дейін және қыртысының өрнектері әр алуан болып келеді. Тасымалдау қабілеті жақсы, жұмсағы шырынды және ерекше тәтті дәмі болады. Бұдан басқа, ассортиментте тұқымсыз қарбыз бар. Takii компаниясында біздің ұсынысымыздың ажырамас бөлігіне айналатын қарбыздардың қуатты портфелі бар. Қарбыз Маристо F1 | Maristo Жалпы сипаттамалары: Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 60-65 күн Жемісінің пішіні: жұмырдан сопақ пішінге дейін Жемісінің салмағы : 9-11 кг Қыртысының түсі: қою жасыл, жолақтары бар Жұмсағының түсі: қанық қызыл Артықшылықтары: Жетілу мерзімі ерте, жұмыр пішінді ірі жемістері бар, тартымды қою қызыл түсті және контрастілі әдемі жолақтары бар қарбыздың жаңа гибриді. Жемістері күн сәулесінің әсерінен күйіп кетуге тұрақты. Қанық қызыл түсті жұмсағы талшықсыз және өте тәтті (Брикс межесі бойынша 12-13%) және хош иісті. Маристо F1 суару мен қырлық өсіру жағдайында тамаша нәтиже көрсетеді. Тасымалдау және ұзақ уақыт сату сипаттамалары жоғары, тауарлық өнім шығысының жоғары болуы бұл гибридтің нарықтағы тартымдылығын арттырып отыр. Тамтам F1 | Tamtam Жалпы сипаттамалары: Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 58-62 күн Жемісінің пішіні: ұзынша сопақ Жемісінің салмағы : 8-10 кг Қыртысының түсі: ашық жасыл, жолақтары бар Жұмсағының түсі: қанық қызыл Артықшылықтары: Ерте пісетін деликатес қарбыздың жаңа гибриді. Жұмсағының жағымды қытырлақ құрылымы бар. Гибридке әр түрлі өсіру мерзімі мен жағдайларында айрықша дәм қасиеттерінің сақталуы тән болып келеді. Гибрид агротехникаға сезімтал емес және көшет арқылы немесе тікелей отырғызу арқылы өсірілуі мүмкін. Бірегей бояуы мен тамаша дәмінің нәтижесінде қарбыз жергілікті нарықта алғашқы сату үшін жарамды болады. Маристо F1 Тамтам F1 Шампань F1 | Champagne Жалпы сипаттамалары: Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 73-80 күн Жемісінің пішіні: жұмыр Жемісінің салмағы : 2,5-3,5 кг Қыртысының түсі: қою жасыл, ашық жасыл жолақтары бар Жұмсағының түсі: сары Артықшылықтары: Түйін салуы жоғары гибрид өлшемдері шағын және аса тәтті, жұмсағы қытырлақ, бірегей сары түсті жеміс береді. Тасымалдануы мен сақталуы жақсы. Уақытша жұқа қабатты жабын астында немесе ашық грунтта өсіру ұсынылады. Шампань F1 62 | Enza Zaden Enza Zaden | 63
Жұқа қабатты жылыж
Виталис - органикал
Қызанақ Ірі жеміст
Дәмтатымдық дақылд
Дақылдар тұрақтылы
Тұқым сату және жет
Loading...
Loading...
Loading...
Enza Zaden Global |
+31 (0) 228-350100 | info@enzazaden.com |
Disclaimer | Privacy Policy | Resistances | Cookies |