Views
4 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Enza Zaden

Enza Zaden компаниясының селекционерлері бірнеше бағытта жұмыстар жүргізеді: Таяу Шығыс елдерінде танымал ақ түсті қысқа жемісті кәдіден бастап, қою жасыл түсті цуккини кәдісіне дейін, Батыс Еуропаның нарықтарында бұл өнімдерсіз ешбір супермаркет жұмыс жасай алмайды. Кәді Шығыс Еуропалық асхананың ажырамас бөлігі болып табылады және көптеген танымал тағамдардың құрамына енеді. «Кәді уылдырығы» ностальгиялық өнімі бұрынғы Кеңестер одағының әрбір тұрғынына белгілі. Қазақстанда ашық жасыл түсті кәді өсіріледі. Ардендо174 гибриді өнімділігі жоғары және ауруларға төзімділігі мен жемісінің сапасына байланысты сұранысқа ие болып отыр. Біздің жаңа гибридтеріміздің жемістерінің түсі қанық және олар өте ыстық кезде өсіру барысында түсін сақтайды. Нағыз ақұнтақ және кең таралған вирустық ауруларға төзімді гибридер негізінен мол түсім бермейді. Сол себепті потивирустарға тұрақтылығы аталған дақыл селекциясындағы жетістіктің бастың құрамдауышы болып табылады. Түркиядағы жетекші селекциялық станцияда және дүние жүзі бойынша басқа да станцияларда жоғары патогенді фон жағдайында тұрақтылығын тексеріп және гибридтердің бейімділігін анықтаймыз. Кәді Ардендо174 F1 | Ardendo174 Жалпы сипаттамалары: Өсімдік: қатты, бұталы Жемісінің ұзындығы: 17-19 см Жемісінің салмағы: 300-400 г Жеміс пішіні: цилиндр тәрізді Жемісінің түсі: жылтыр қабығы бар ақшыл жасыл Артықшылықтары: Балғын өнім нарығына арналған ерте түсім беретін өнімділігі жоғары гибрид. Аурулар мен вирустарға кешенді тұрақтылығы тамаша сапасы мен жемістерінің тауарлық түрін ұзақ жеміс беру кезеңінде қамтамасыз етеді. Жемістерінің қырлары жоқ. Жинау кезіндегі механикалық ақаулықтарға тұрақтылығы жоғары. Жемістері жақсы сақталады, ұзақ уақыт тасымалдауға және өңдеуге жарамды. Көктемде қабықшамен жабылған орында, жазда және күзде ашық грунтта өсіруге арналған. Аделия F1 | Adelia Ардендо174 F1 Жалпы сипаттамалары: Өсімдік: қатты, буын аралықтары қысқа бұта түрінде Жемісінің ұзындығы: 17-19 см Жемісінің салмағы: 300-400 г Жеміс пішіні: цилиндр тәрізді Жемісінің түсі: жылтыр қабықты жасыл Артықшылықтары: Жемістерінің жылдам өсуі, біркелкі ерте түсім алу үшін жарамды. Жемістерінің сапасы өте жақсы, қырлары жоқ. Жарық жетіспейтін және қолайсыз ауа райы жағдайында тұрақты түйін салуды қамтамасыз етеді. Аурулар мен вирустарға кешенді тұрақтылығы көктем және күз айналымдарында кепілді жақсы түсім береді. Ақұнтаққа төзімділігі жоғары. Алыс қашықтыққа тамаша тасымалданады. Көктемде қабықшамен жабылған орында, жазда және күзде ашық грунтта өсіруге арналған. Аделия F1 48 | Enza Zaden Enza Zaden | 49

Enza Zaden Brochures