Enza Zaden Brochures

Views
3 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Enza Zaden баялды

Enza Zaden баялды селекциялау орталығы Түркияда орналасқан, мұнда біз үш негізгі типтің селекциясын жүзеге асырамыз: ұзынша жемісті, орташа жемісті және сопақ. Селекционерлердің күш жігері өсімдіктің өсу күшін жақсартуға, тығыздығын, сақталуын, жемістерінің қараға жақын қою күлгін түске боялуын дамытуға бағытталады. Гибридтерді ашық грунттар мен жұқа қабатты жылыжайларға арнап шығарған жағдайда селекционерлер өсімдіктің жабын қабілеттеріне, түсімін арттыруға және жемістерінің сапасын жоғарылатуға бағытталады. Осындай гибридтер өндіріс тиімділігін қамтамасыз етеді және дүние жүзі бойынша өндірушілер тарапынан сұранысқа ие. Баялды Ұзын жемісті баялды Дестан F1 | Destan Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қатты, тұрақтандырылған • Жемісінің ұзындығы: 25-27 см • Жемісінің пішіні: ұзынша, жіңішкермеген • Жемісінің түсі: қою күлгін, жылтыр Артықшылықтары: Жемістерінің сапасы мен түсімділігі жоғары ерте пісетін гибрид. Ашық және қорғалған грунтта өсіруге арналған. Ерте отырғызуға жарамды және қысқа уақытқа температураның төмендеуіне төзімді болып келеді. Мабел F1 | Mabel Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қуатты, шағын • Жемісінің ұзындығы: 24-26 см • Жемісінің пішіні: ұзынша жіңішкерген • Жемісінің түсі: қою күлгін, жылтыр Дестан F1 Артықшылықтары: Жапырақтары ірі шағын өсімдік, жақсы жабын қасиеттеріне ие. Ашық және қорғалған грунтта өсіру ұсынылады. Буын аралықтары орташа ұзындықта және байлауды талап етпейді. Ерте жеміс бере бастайды және вегетация кезеңі ішінде тұрақты түрде түсім береді. Татьяна Сырбачева Жабық грунт бойынша техникалық менеджер Мабел F1 44 | Enza Zaden Enza Zaden | 45