Enza Zaden Global |
+31 (0) 228-350100 | info@enzazaden.com |
Disclaimer | Privacy Policy | Resistances | Cookies |
Виталис – органикалық көкөніс шаруашылығына арналған көкөніс дақылдарының тұқымдары Органикалық өндіріс – ең қарқынды дамып келе жатқан әлемдік трендтердің бірі. Соңғы 16 жыл уақыт ішінде органикалық өндіріс алаңдары 4 есеге дейін артқан, 2 млн.-нан астам органикалық өндірушілер сертификатталған, олардың төрттен үші дамушы мемлекеттерде орналасқан. Органикалық егіншіліктің қарқынды дамуы тенденциясы дүние жүзінің 170-тен астам мемлекетінде өзекті болып отыр және бұл көрсеткіш әлемдік нарықта органикалық өнімдердің сұранысқа ие болуына байланысты жыл сайын артып отыр. Қазақстанда органикалық көкөніс шаруашылығының дамуы қалыптасу кезеңінде. Қазіргі уақытта заңнамалық база құрылып, сертификаттау үдерісі өтіп отыр және халықаралық стандарттар бойынша 30-ға жуық өндірушілер сертификатталған. Қазіргі уақытта өндіріс ең алдымен экспортқа бағытталған, дегенмен, қажетті жағдай жасалатын болса, Қазақстанның ішкі нарығына да өндіріс қол жетімді болады. Органикалық көкөніс өнімдерін өндіру үшін органикалық тұқымдарды пайдалану керек. «Enza Zaden Kazakhstan» ЖШС өз тұтынушыларына тұқымы органикалық егіншілік әдісімен өндірілген Энза Заден сұрыптары мен гибридтерінің белгілі ассортиментін ұсынады. Аталған тұқымдарды өндіруші - Энза Заден құрамындағы мамандандырылған кәсіпорын - «Vitalis Biologische Zaden BV», ол Нидерландтың Ворст қаласында орналасқан. Көкөністерді органикалық егіншілік әдісімен өсіру идеясы біздер үшін басынан бастап дәстүрлі көкөніс шаруашылығында қолданылатын әдістер мен технологияларды пайдалануға негізделген. Өз қызметтерін органикалық егіншіліктің биологиялық әр-алуандықты сақтау, экологиялық қолайлылық және экологиялық тазалық туралы базалық ұстанымдарына негіздей отырып, біздің мамандандырылған кәсіпорын заманауи өндіріс технологиялары мен сапа стандарттарын пайдаланып жұмыс жасайды. Нәтижесінде селекция мен өндірістегі инновациялық шешімдерге келіп, бұл өз кезегінде жоғары сапалы тұқымдарды дайындау және одан экологиялық таза, пайдалы және дәмді, айрықша сапалы көкөністер өсіруге алып келді! Қазіргі уақытта Виталис компаниясы органикалық егіншілікке арналған тұқымдарды өндіру және сату жөнінде әлемдік көшбасшы болып табылады. Виталис 1994 жылы құрылған және 1998 жылы Энза Заден құрамына қосылып, Энза компаниялар тобында тәуелсіз компания ретінде жұмыс жасаған. Виталис компаниясының негізгі міндеті сапасы жоғары, органикалық көкөніс шаруашылығында маңызды сипаттамалары бар сертификатталған тұқымдар өндіру. Осы мақсатта Виталис фирмасы селекцияға және дақылдардың кең әр алуандығына басым назар аударады. Компания шығаратын тұқымдар органикалық көкөніс өнімдеріне жарамдылығы үшін арнайы сыналған, тек қатаң критерийлерге сай келетін тұқымдар біздің коммерциялық ассортиментімізге қосылады. Осылайша, Виталис компаниясы Сізге, серіктестерімізге органикалық көкөніс өнімдерін өндіру үшін арнайы таңдалған тұқымдардың кең таңдауын ұсынады. Дамыған халықаралық дистрибьютор желісін және Энза Заден компаниясының экспорт жүйесін пайдалана отырып, әлемнің барлық бұрыштарында кәсіби өндірушілерінің органикалық көкөністер тұқымдарын жеткіземіз. Біздегі органикалық тұқымның әр алуандығы, сонымен қатар, біздің өнімдерді халықаралық сертификаттау туралы қосымша ақпаратты eu.biovitalis.eu сайтынан ала аласыз. Виталис компаниясының тұқымдарын сатып алу немесе тапсырыс беру үшін «Enza Zaden Kazakhstan» ЖШС аймақтық менеджерлеріне хабарласу керек. Мазмұны Кіріспе 3 Қызанақ 6 Қияр 24 Бұрыш 32 Ащы бұрыш 40 Баялды 44 Кәді 48 Қауын 52 Асқабақ 56 Қарбыз 62 Қырыққабат 66 Пекин қырыққабаты 76 Түсті қырыққабат 78 Брокколи 81 Кольраби 83 Басты пияз 84 Қауырсын пияз 93 Шалғам 94 Сәбіз 98 Дайкон 101 Салат 102 Эндивий 106 Саумалдық 107 Балдыркөк 108 Корн салат 109 Фенхель 109 Дәмтатымдық дақылдар 110 Көкөніс дақылдарына арналған екпелер 115 Дақылдар тұрақтылығын анықтау 118 Тұқымды жеткізу және сатудың жалпы шарттары 120 4 | Enza Zaden Enza Zaden | 5
Қауын Ананас типі Б
Асқабақ Матильда F1
Қарбыз - Қазақстанд
Takii компаниясы сапа
Қырыққабат Аланек F
Қырыққабат Савой қ
Түсті қырыққабатты
Брокколи Квинта F1 К
Пияз Монастрел F1 | Mo
Пияз Йеллоу Стоун F1
Қазақстанда шалғам
Бастапқыда сәбізді
Салат Сұрып Сипатт
Эндивий Саумалдық
2001 жылы Enza Zaden көкөн
Дәмтатымдық дақылд
Дақылдар тұрақтылы
Тұқым сату және жет
Loading...
Loading...
Loading...