Views
2 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Бұрыш

Бұрыш гибридтерінің селекциясы – біздің ғаламдық жобамыз, оның жетістігінің кепілі Нидерланды, Испания, Түркия, Америка селекционерлерінің бірлескен ғылыми-зерттеу әзірлемелері және жаңашыл технологияларды пайдалану болып табылады. Бүгінгі таңда бұрыш өсіру сегментінде жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтта өсіру үшін Enza Zaden селекционерлерінің негізгі қызметі келесі бағыттарда жүргізіледі: ашық жасыл түсті конус тәрізді бұрыш және ақшыл түсті – кеңестік дәуірден кейінгі кезеңдегі дәстүрлі бұрыш типі. Біздің салыстырмалы жаңа селекциялық бағдарламамыздың нәтижесінде соңғы жылдарда біз Орталық Азия мемлекеттерінің нарығына жоғары сапалы гибридтер ұсынып келеміз, оның ішінде, көшбасшы орында Лотта F1 тұр, оның түсімі мен ерте пісуі көкөніс шаруашылығымен айналысатындарды жыл сайын қуантып келеді; текше тәрізді бұрыштардың түс палитрасы әр алуан. Қазақстанда ашық грунтта негізінен ашық түсті текше пішінді бұрыштарды өсіреді. Ведрана гибриді жоғары пластикалығы, өнімділігі және жемісінің тамаша сапасы нәтижесінде осы нарықта айрықша орынды иеленеді. Жергілікті өндірістегі қызыл, қызғылт сары және сары бұрыштар соңғы уақытта аса танымал болып отыр және дәстүрлі тағамдарды дайындауда жиі қолданылады. Біздің ассортиментте стандартты түстерінен басқа, ақшыл күлгін және қою күлгін түсті бұрыштар бар, олардың бірегей түсі нарықта сатып алушылардың назарын аудартады. Ламуйо типті бұрыш – қазақстандық нарық үшін жаңалық, ол өңдеуге қолайлы және Жерортатеңіздік аймақ, Орталық және Оңтүстік Америкада танымал болып отыр. Бұрыш Ашық грунтта немесе жұқа қабатты жылыжайларда өсіруге арналған тәтті бұрыштар Конус пішінді бұрыштар Анетта F1 | Anetta Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: конус пішінді • Жемісінің өлшемі: 5 х 11 см • Жемісінің салмағы : 100-140 г • Жемісінің түсі: техникалық жетілгенде – ақшыл жасыл, биологиялық– қою қызыл Артықшылықтары: Ерте түсім беруінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Айрықша белгісі қанық қызыл түске жылдам боялуы болып табылады. Жемістері біркелкі, тығыз және тартымды жылтырлығы бар, ұзақ уақыт тасымалдауға жарамды. Өсімдіктің шағын болуына байланысты оны ашық грунтта және жұқа қабатты жылыжайлардың барлық түрлерінде өсіру ұсынылады. Лотта F1 | Lotta Жалпы сипаттамалары: • Жемісінің пішіні: конус пішінді • Жемісінің өлшемі: 7 х 14 см • Жемісінің салмағы : 160-200 г • Жемісінің түсі: техникалық жетілгенде – ашық жасыл, биологиялық – қызыл Артықшылықтары: Жемістері ерте түйін салатын өте ерте гибрид. Жетілуі көшетті отырғызғаннан кейін 55-60 күнде орын алады. Тығыз, қабырғалары қалың жемістерінің биологиялық және техникалық жетілу жағдайында тамаша тауарлық түрі болады, ал жоғары түсімі мен тамаша тасымалдану қабілеті 5-6 мм қалың қабырға қалыңдығына байланысты болады. Гибридті жұқа қабатты жылыжайларда және ашық грунтта өсіруге болады. Анетта F1 Алия Жунусова Кеңсе менеджері/Байланыс бойынша маман Лотта F1 32 | Enza Zaden Enza Zaden | 33

Enza Zaden Brochures

Огурец
Пряно-вкусовые культуры 2019 | 2020
Лук
Перец 2019
Тыква 2019
Салаты Eazyleaf
Дыня 2018
Қауын 2018
Редис | Дайкон 2017 | 2018
Тыква 2017 | 2018
Корнишон 2017 | 2018