Views
2 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Қияр Дерия F1 |

Қияр Дерия F1 | Derya Қысқа жемісті тегіс қияр Жалпы сипаттамалары: • Регенерациялық қабілеті жақсы, өнімділігі жоғары өсімдік • Жемісінің ұзындығы: 10-12 см • Жемісінің салмағы : 90-100 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: біркелкі қою жасыл Артықшылықтары: Топырақтағы және ауадағы құрғақшылық жағдайында және төмен температура жағдайында жеміс беру қарқындылығы төмендемейді. Тауарлық жемістердің жоғары шығысы мен олардың сапасына байланысты тұздау немесе маринадтауға жарамды болады. Аса тығыз жемістері тамаша тасымалдану қабілетіне ие. Эксельсиор F1 | Excelsior Пиколино F1 | Picolino Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қуатты, тұрақтандырылған • Жемісінің ұзындығы: 12-14 см • Жемісінің салмағы: шамамен 130-150 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді, жіңішкермеген • Жемісінің түсі: жасыл жылтыр Артықшылықтары: Ерте пісетін, түсімі жоғары гибрид. Өсімдіктің бүйір өркендері белсенді түзіледі. Әр жапырақ қолтығында 3-4 жеміс өседі. Гибридтің тұрақты жоғары өнімділігі жалпы өсіру кезеңінде байқалады. Жемістері аса жоғары тауарлық қасиетімен және 100% жуық тегістігімен сипатталады. Жемістерінің дәмдік қасиеттері жоғары, олар жоғары тасымалдану қабілетімен және сақталуымен, сақтау барысында ұзақ уақыт тауарлық түрін жоймауымен ерекшеленеді. Дерия F1 Жалпы сипаттамалары: • Қатты дамыған тамыр жүйесі бар жуан өсімдік • Жемісінің ұзындығы: 10-12 см • Жемісінің салмағы : 90-100 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: қою жасыл Артықшылықтары: Орташа ерте пісетін қиын жағдайда өсіруге арналған түсімі жоғары гибрид. Стресске тұрақты гибридтердің бірі. Ылғалдың жетіспеушілігі мен құрғақшылыққа тұрақтылығы жоғары, вегетация кезеңінде ұзақ уақыт жеміс береді. Тамыр жүйесі қуатты және бүйір өркендері белсенді түзілетін вегетативті өсімдік. Түйінде 1-2 жемістен береді. Мелен F1 | Melen Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: генеративті, тұрақтандырылған, ашық • Жемісінің ұзындығы: 16-19 см • Жемісінің салмағы : 180-230 г • Жемісінің пішіні: цилиндрлі, жіңішкермеген • Жемісінің түсі: қою жасыл Артықшылықтары: Тұрақтандырылған сипаты мен жуан тамыр жүйесі өсімдікке жемістерін вегетативті массасын шектен тыс арттырмастан жемістерін тұрақты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жапырақтары орташа өлшемді, буынаралықтары қысқа және қысқарған бүйір өркендері күтімді жеңілдетеді. Нағыз ақұнтаққа тұрақтылығы жоғары. Көшет кезеңінде бір рет профилактикалық өңдеу ұсынылады. Жемістері аса жоғары тегістігімен және тауарлық қасиеттерімен сипатталады, ол 100% жуықтайды және дәмі тамаша болып келеді; тасымалдануымен және өнім сапасын жоймастан сақталуымен сипатталады. Пиколино F1 Эксельсиор F1 Мелен F1 28 | Enza Zaden Enza Zaden | 29

Enza Zaden Brochures

Огурец
Пряно-вкусовые культуры 2019 | 2020
Лук
Перец 2019
Тыква 2019
Салаты Eazyleaf
Дыня 2018
Қауын 2018
Редис | Дайкон 2017 | 2018
Тыква 2017 | 2018
Корнишон 2017 | 2018