Views
2 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Корнишон

Корнишон қияры бойынша Enza Zaden салыстырмалы жаңа селекциялық бағдарламасы жергілікті өндірушілермен тығыз серіктестік нәтижесінде ТМД мемлекеттері мен Шығыс Еуропа елдері арасында зор табысқа ие болып отыр. Біздің селекционерлер жыл сайын ТМД әр түрлі аймақтарындағы өндірістік алаңдар мен сынақ учаскелеріне барып, мұнда нарықтағы тенденцияларды бақылап және оның болашақтағы дамуын болжау үшін, осы білімдерін өздерінің селекциялық жұмыстарында қолдану үшін өндірушілермен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Осындай серіктестіктің нәтижесінде біз жергілікті нарықтардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін өнім алып отырмыз. Біздің гибридтер селекциясында біз өнімділік, жеміс сапасы, тасымалдау, пластикалығы мен төзімділігі секілді өндірушілер үшін маңызды қасиеттерін ескереміз. Біздің гибридтер әр түрлі климаттық аймақтарда құбылмалы ауа райы жағдайында ұзақ вегетациялық кезең ішінде тамаша нәтижелер көрсетеді. Ұзақ жылдар бойы біз Орталық Азия, Кавказ және Ресей нарықтарына арналған қысқа жемісті тегіс қияр селекциясымен сәтті шұғылданып келеміз. Мелен F1 қияры ұзақ жылдардан бері көптеген мемлекеттерде өзінің пластикалығы нәтижесінде күзгі және көктемгі егіс айналымында сапа стандартына айналып отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Аталған сегменттегі жаңа бағыт жемісінің ұзындығы 10-14 см тегіс қияр әсіресе Кавказда кең таралған. Аз уақыт бұрын біздің ассортиментімізді аталған типтегі бірнеше гибрид толықтырды, олар біртіндеп өндірушілер мен тұтынушылар арасында танымал болып келе жатыр. Қияр Жұқа қабатты жылыжайда және ашық грунтта өсіруге арналған қиярлар Корнишонды қияр Северин F1 | Severin Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: қуатты, шағын • Жемісінің ұзындығы: 12-14 см • Жемісінің диаметрі: 3-3,5 см • Жемісінің салмағы : 130-150 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді, ұзындығы бойымен ірі дөңесті, гүлі түспейді • Жемісінің түсі: ақшыл жолақтары жоқ, жылтыр реңді күңгірт жасыл Артықшылықтары: Жылдам өсу және тұрақты түйін салу қасиеттеріне байланысты егіс салу сегментінде жұқа қабатты жылыжайларда өсіруге жарамды. Жемістері ірі дөңесті, вегетация кезеңі ішінде пішіні біркелкі. Өсу барысында бүгілмейді. Жиналғаннан кейін ұзақ сақталады, дұрыс сақтаған жағдайда жемістері ұзақ уақыт тасымалдауға төзімді болады. Северин F1 тұрақты түйін салуымен және тұрақты түсім беруімен ерекшеленеді, оның жемістері «саты» түзіп, 12 буын аралығына дейін жетеді. Северин F1 Бьерн F1 | Bjorn Жалпы сипаттамалары: • Өсімдік: тұрақтандырылған, ашық, бүйір өркендері қысқа • Жемісінің ұзындығы: 10-12 см • Жемісінің салмағы : 100-120 г • Жемісінің пішіні: цилиндр тәрізді • Жемісінің түсі: қою жасыл, ақшыл жолақтары жоқ Василий Листопад Логистика жөніндегі менеджер Артықшылықтары: Өте жақсы түсім бере алатын гибрид. Бүйір өркендерінің баяу пайда болуымен ерекшеленеді, бұл оларға күтім жасауды жеңілдетеді. Букет тәрізді гүлдеу типі бар гибрид әр жапырақ қолтығында 3-4 жемістен түйін салады. Түсімнің негізгі массасын басты сабағында қалыптастырады, жемістері ұзындығы бойымен ірі дөңесті, вегетация кезеңі ішінде пішіні біркелкі. Өсу барысында бүгілмейді. Тұрақты түрде түйін салады және жарықтың жетіспеуі, температураның ауытқуы және басқа да стресс жағдайында түйіндерін тастамайды. Ұзақ сақталуы мен тасымалдау қабілеті аталған гибридтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Жұқа қабатты жылыжайларда бірінші және екінші айналымдарда өсіру ұсынылады. Бьерн F1 24 | Enza Zaden Enza Zaden | 25

Enza Zaden Brochures

Огурец
Пряно-вкусовые культуры 2019 | 2020
Лук
Перец 2019
Тыква 2019
Салаты Eazyleaf
Дыня 2018
Қауын 2018
Редис | Дайкон 2017 | 2018
Тыква 2017 | 2018
Корнишон 2017 | 2018