Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Қызанақ Ашық

Қызанақ Ашық топырақта өсіруге арналған детерминантты қызанақтар Бехрам F1 | Behram Қызыл жұмыр қызанақ Лоджейн F1 | Lojain Жалпы сипаттамалары: • Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 70-75 күн • Жемісінің пішіні: жұмыр • Жемісінің салмағы: 160-200 г • Жемісінің түсі: күңгірт қызыл, жылтыры бар Артықшылықтары: Өте ыстық кезде де жақсы өнім бере алатын өсімдік. Қуатты жақсы жапырақтанған өсімдік жемістерін күн сәулесі әсерінен тамаша қорғайды. Жемістері қанық қою қызыл түсті, аса тығыз, тегіс, жұмыр пішінді. Қазіргі уақытта гибрид тауарлық қасиеттері және сақталуы бойынша эталон болып табылады. Жемістері алыс қашықтықтарға тамаша тасымалданады. Жалпы сипаттамалары: • Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 70-75 күн • Жемісінің пішіні: жұмыр • Жемісінің салмағы: 200-220 г • Жемісінің түсі: жылтыр реңі бар қою қызыл Артықшылықтары: Қатты және жуан өсімдік, төзімділігі және өнімділігі жоғары, жемістерін тамаша қорғайды. Қуатты тамыр жүйесінің арқасында жемістері вегетация кезеңі ішінде майдаланбайды. Жемістерінің өлшемі мен пішіні біркелкі. Қажеттігіне қарай жемістері өсімдік бойында ұзақ уақыт бойы тауарлық қасиеттерін жоймастан сақталады, жақсы тасымалданады. Аталған гибридті орташа және кеш егу мерзімінде қолдану қолайлы. Усмань F1 | Usman Бехрам F1 Лоджейн F1 Имран F1 | Imran Жалпы сипаттамалары: • Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 63-68 күн • Жемісінің пішіні: жұмыр, қырлары бар • Жемісінің салмағы : 200-220 г • Жемісінің түсі: күңгірт қызыл Артықшылықтары: Ірі жемісті өнімділігі жоғары гибрид. Жапырақтары берік және мол, тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдік аса жоғары түсім алуға мүмкіндік береді. Гибрид жаппай жеміс беруін ерте бастайды. Жемістерінің стандартты салмағы мен пішінін өсіру кезеңі ішінде сақтайды. Жалпы сипаттамалары: • Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 56-60 күн • Жемісінің пішіні: қырсыз жұмыр • Жемісінің салмағы: 220-250 г • Жемісінің түсі: қою қызыл Артықшылықтары: Түсімі жоғары жаңа ерте жетілетін гибрид. Ерте және өте ерте отырғызу үшін және уақытша жабын астында өсіру үшін жарамды. Жемістерінің сапасы жақсы, тегіс, жұмыр пішінді, тығыз және жарықшақтанбаған. Жемістерінің көп бөлігінің «тұмсығы» болады, жемістері жақсы сақталады және тасымалданады. Ашық грунтта және уақытша аласа тоннельде өсіруге арналған. Усмань F1 Асалет F1 | Asalet F1 Жалпы сипаттамалары: • Жетілу мерзімі: отырғызған күннен бастап 70-75 күн • Жемісінің пішіні: жұмыр • Жемісінің салмағы: 210-240 г • Жемісінің түсі: жылтыр реңі бар қою қызыл Имран F1 Артықшылықтары: Өсу әлеуеті өте жоғары жаңа гибрид. Әртүрлі өсіру тәсілдеріне жеңіл бейімделетін, стресске төзімді қуатты өсімдік. Жемісінің түсі - қанық күңгірт қызыл, тығыз, тегіс, жұмыр формада, дәмі тамаша және жақсы тасымалданады. Вегетация кезеңі ішінде жемісінің біркелкі өлшемін сақтай алады. Асалет F1 20 | Enza Zaden Enza Zaden | 21

Enza Zaden Brochures