Views
5 years ago

Жұқа қабатты жылыжайлар мен ашық грунтқа отырғызуға арналған көкөніс дақылдарының каталогы 2018 | 2019

Catalogue Kazakhstan Open Field 2018 | 2019 Kazakh language

Қызанақ Ірі

Қызанақ Ірі жемісті қызыл қызанақ Берберана F1 | Berberana Жалпы сипаттамалары: • Ерте гибрид • Вегетативті, жылдам өсетін өсімдік • Жемісінің пішіні: жұмыр • Жемісінің салмағы : 250-280 г • Жемісінің түсі: ашық қызыл Артықшылықтары: Ең ірі жемісті гибридтердің бірі. Жапырақтары мен тамыр жүйесі қуатты қатты өсімдік вегетация кезеңінде шоқтарының тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ашық қызыл түсті, тығыз жемістері тартымды тауарлық түрге ие. Ұзақ уақыт тасымалдау мен жинаудан кейінгі сақтауға төзімді. Жұқа қабатты жылыжайларда көктемде өсіріледі. Қызғылт қызанақ Пинкшайн F1 | Pinkshine Жалпы сипаттамалары: • Ерте гибрид • Өсімдік: қатты, ашық типті, буын аралықтары қысқа • Жемісінің пішіні: қырсыз жұмыр • Жемісінің салмағы : 180-200 г • Жемісінің түсi: қанық қызыл, әдемі жылтырлығы бар Артықшылықтары: Қызғылт индетерминантты қызанақтың жаңа гибриді жоғары стресске тұрақтылығымен сипатталады. Жемістері жақсы түйін салады және жоғары температураның өзінде жарықшақтанбайды. Орташа салмағы 180-200 гр, 5-7 біркелкі жемістері бар дұрыс пішінді шоқтар қалыптасады. Минералды қорек деңгейі жоғары болғанда жеміс салмағы 230-260 гр. дейін жетеді. Жемістері тығыз, жақсы тасымалдау қабілеті мен тамаша тауарлық түрге ие. Көктемде өсіру ұсынылады. Берберана F1 Пинк Трит F1 | Pink Treat Жалпы сипаттамалары: • Ерте гибрид • Өсімдік: тұрақтандырылған, жартылай ашық типті, буын аралықтары орташа • Жемісінің пішіні: тегіс жұмыр • Жемісінің салмағы: 180-250 г • Жемісінің түсi: күңгірт қызғылт Пинкшайн F1 Артықшылықтары: Ірі жемісті қызанақтың ерте гибриді. 5-6 күңгірт қызғылт түстері біркелкі жемістерден құралған шоқтар түзеді. Қызару үдерісі жеміс беру кезеңі ішінде жылдам және жеңіл жүзеге асады. Жемістері аздап қышқылдығы бар тәтті дәмді. Қабырғаларының қалыңдығына байланысты жеміс тамаша тасымалданады. Көктемде өсіру ұсынылады. Пинк Трит F1 12 | Enza Zaden Enza Zaden | 13

Enza Zaden Brochures